Спорт
Жандос Азия чемпионатына барады
22-25 сəуір аралығында Семей қаласында самбо күресінен 2001-2002 жылы туған жастар арасында ел чемпионаты өтті.
Ақтөбе облысының атынан кілемге шыққан Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Жандос Қалабай 88 келіде біріншіліктің күміс жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар ол осы жарыста Азия чемпионатына жолдама алды.
— Жандос — еңбекқор әрі табанды. Осы екі мінезі алдағы Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінуге көмектеседі деп ойлаймын. Әрине, оған дейін дайындығымызды әбден пысықтауымыз керек, — дейді жаттықтырушысы Әли Алтыбай.
Жандос АБАЙҰЛЫ,
Мұғалжар ауданы.